Биылғы жылы Аягөзде 120 пәтер қолданысқа беріледі

Биылғы жылы Аягөзде 120 пәтер қолданысқа беріледі

Биылғы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Аягөз қаласының Қабанбай батыр көшесінің бойында салынып жатқан екі бес қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру көзделуде. Баспана кілттері «Отбасы банк» АҚ арқылы тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға несиеге берілетін болады.

- 2022 жылы Аягөз қаласының «Қуаныш» мөлтек ауданында Абай облысының әкімі Н.Ұранхаевтың қолдауымен баспанаға мұқтаж 30 азаматқа - кезекте тұрған 1, 2 топтағы мүгедектерге, мүгедек бала тәрбиелеп отырған, толық емес, тұрғын үйі апатты деп танылған отбасыларға табысталды. Сонымен қатар ауыл тұрғындарының көшуін тоқтату және жас мамандарды баспанамен қамту мақсатында Баршатас ауылында жаңа 4 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді,- деді аудан әкімі Сейілбек Ысқақов.

️Тұрғындардың сұранысына сәйкес, Қарағаш ауылында да көптеген жылдар қараусыз болған екіқабатты ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 4 тұрғын үй іске қосылды. Баспана кілттері көпбалалы отбасыларға, жалғыз басты ата-аналарға, ауылдық округке керекті мамандық иелеріне берілген.

Алдағы уақытта Аягөз қаласынан кейін халық саны жағынан екінші орында тұрған Ақтоғай кентінен де 4 баспананың кілтін табыстау, сонымен қатар Мамырсу, Тарбағатай, Айғыз ауылдарында және Ақтоғай кентінде баспана құрылысын бастау жоспарлануда.