
Бұл туралы Абай облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Аягөз ауданының әкімі Сейілбек Ысқақов айтты.
Ірі қара мал өткен жылмен салыстырғанда 8,6 пайызға, ұсақ мал 10,5 пайызға, жылқы 20,3 пайызға өскен.
2022 жылы Аягөз ауданының ауыл шаруашылығы саласына 2,5 млрд теңге тартылды. Ауданның 42 шаруа қожалығы 40 бірлік трактор, 35 басқа да техника сатып алды.
Өңірдегі асыл тұқымды мал шаруашылығын және шаруа құрылымдарының инвестициясын субсидиялау аясында 395 өтінішке 545 млн 100 мың теңге қайтарымсыз қаражат бөлінді. Оның ішінде: 338 өтінім – мал шаруашылығына, ал 57 өтінім инвестициялық субсидияға (сатып алынған техника мен қазылған құдықтарға).
Сондай-ақ ауданның 24 шаруа қожалығы 681 бас ірі қара, 3490 бас қой, 289 бас жылқы сатып алды.