
Жарысқа еліміздің 12 облысынан және Ресей федерациясынан 540 спортшы қатысты.
Облысымыздың абыройын қорғап Болташев Ерсаин, Абпас Абдурасул - 1 орын, Ақжолов Исламбек - 3 орынға ие болды.
2023 жылы Абай облысының Абай ауданында 42 пәтер салынады
Абай облысының Абай ауданында екі пәтерден тұратын 21 тұрғын үй салып, аудан тұрғындарына 42 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Былтырғы жылы 13 пәтер ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, 46-сы көп балалы отбасыларға, 28-і халықтың әлеуметтік осал топтарына, 6 пәтер бюджеттік қызметкерлерге, тағы 3 пәтер баспанасы апатты жағдайдағы тұрғындарға берілді.
️Сонымен қатар, ауданда инфрақұрылыммен жабдықтау және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Осылайша, Тоқтамыс, Архат ауылдық округтерінің, Көкбай ауылының шаруа қожалықтары электр желілерімен қамтылуда.
️️Сондай-ақ, 2023 жылы ауданда Көкбай ауылындағы спорт модулінің және Кеңгірбай би ауылындағы Қарашоқы шатқалында жазғы демалыс лагерінің құрылыс жұмыстары басталады.
Ал Медеу ауылына ұзындығы 60 метрді құрайтын антенналық байланыс мачтасы орнатылады. Орналастыру және интернетке қосу жұмыстары ақпан айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде.
Одан бөлек, Саржал, Тоқтамыс, Медеу, Архат, Орда ауылдарына антенна-мачта құрылғысын орнату жоспарлануда. Бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурс жарияланды.