
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алқасының 2022 жылғы 18 қазандағы №5 шешімінің тапсырмасын орындау мақсатында, ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаментімен (әрі қарай – Департамент) Абай облысы бойынша ҚР ТЖД "Семей қаласының Төтенше жағдайлар Басқармасы" РММ және "Аманат Газ" ЖШС бірлесіп, автогаз құю станцияларында тұрмыстық газ баллондарын құюға жол бермеу туралы ақпараттық стенділерді орналастыру жөніндегі профилактикалық жұмыс жүргізілді.