
Облысымыздың Абай ауданындағы аудандық және облыстық маңызы бар жолдар орташа жөндеуден өтеді, деп хабарлады Абай ауданының әкімі Нұржан Әбдікәрімов.
2023 жылыға арналған жоспарға сәйкес, «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 5 жоба бойынша 5,08 км көшені жөндеу көзделіп отыр. Атап айтқанда Абай облысының Абай ауданы бойынша:
1. Көкбай ауылындағы Мырза батыр көшесін орташа жөндеу (0,840 км)
2. Көкбай ауылындағы Сұлташ батыр көшесін орташа жөндеу (0,840 км)
3. Қарауыл ауылындағы Молдағалиев көшесін орташа жөндеу (1,5 км)
4. Қарауыл ауылындағы Ұлжан көшесін орташа жөндеу (1,5 км)
5. Саржал ауылындағы Есенғарин көшесін орташа жөндеу (1,4 км)
Сондай-ақ, 2023 жылы облыстық және республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу жоспарлануда.
Аудан басшысы айтып өткендей, 2022 жылы ауданда жалпы ұзындығы 5,2 км болатын көше жолдары орташа жөндеуден өтті.
️Ең ауқымды жөндеу жұмыстары Көкбай ауылына (1,2 км) кіреберіс жолды және Құндызды ауылындағы Ш.Әбенов көшесін (1,2 км) қамтыды. Сонымен қатар Құндызды ауылына кіреберісте ұзындығы 1 км жол жөнделген.
️Абай ауданындағы жолдардың жалпы ұзындығы 413 км-ді құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жол – 70 км, облыстық маңызы бар жол – 258 км, аудандық маңызы бар жол 85 км.