
Аудан орталығында қар шығару үшін 2 мердігер мекеменің жұмысшылары екі аусымда жұмыс жүргізуде. Жалпы қар шығару жұмыстарына 6 техника, 15 жұмысшы жұмылдырылған.
Осыған орай бүгін аудан әкімі Талғат Мұратов қар шығару жұмыстары жүргізіліп жатқан Молдажанов, С.Сейфуллин, Тәуелсіздік көшелеріне барып, жұмыс барысын тексеріп, аталған көше тұрғындарымен кездесті.
Қазір ауыл көшелеріне жиналған қар екі полигонға апарылды.