
📌Бұл ағымдағы жылы орнатылған бірегей офтальмологиялық жабдықтың арқасында мүмкін болып отыр.
Абай облысының Перинаталдық орталығында орнатылған жаңа қондырғы мерзімінен ерте өмірге келген шақалақтарда жиі кездесетін ретинопатияны тез анықтап, емдеуге көмектеседі.
Орталықтың неонаталдық қызмет меңгерушісі Гүлжазира Дүйсекенованың айтуынша, шала туылған нәрестелерді мүгедектікке әкелетін ретинопатия неврологиялық патологиядан кейін екінші орында тұр.