Абай облысы Көкпекті ауданында 156 ауыл шаруашылық техникасы сатып алынды

Абай облысы Көкпекті ауданында 156 ауыл шаруашылық техникасы сатып алынды

🚜⚙️Аграрлық саланы алға жетелейтін бірден-бір тетік – ауыл шаруашылық техникасы. 2022 жылы Көкпекті ауданының шаруа қожалықтары тарапынан 3 млрд.195,1 млн теңге соммасына 156 бірлік ауыл шаруашылығы мақсатына арналған техникалар және қосалқы бөлшектер сатып алынды.

📌Сатылып алған 156 техника ішінде өз қаражаты есебінен 1млрд 692,6 млн теңге соммасына 126 техника, лизингке 1 млрд 502,5 млн теңге соммасына 30 техника сатып алынды.

▫️Айта кетер болсақ, 2022 жылы Көкпекті ауданының шаруа қожалықтарына техника сатып алуға 858,8 млн теңге сомасында субсидия берілді.