
2023 жылы Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін 2,5%-дан микрокредиттер берілетін болады.
Микрокредит беру Сенім білдірілген өкіл (агент) – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы мынадай шарттарда жүзеге асырылады:
1. Мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін;
2. Микрокредиттің ең жоғары сомасы – 5 миллион теңге және ол үшін кепілдің болуы міндетті.
3. Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредит беру мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды;
4. Микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бес жылдан аз кәсіпкерлер;
5. Үміткердің жасы 21 ден 35 жасқа дейін.
Микрокредиттерді беру конкурстық негізде іске асырылатын болады.
Ағымдағы жылы Абай облысы бойынша барлығы 211 микрокредит беріледі.
Микрокредиттерді беру 2023 жылдың наурызында басталады.
Өтініш беру үшін үміткерлерге Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 23-А («Өрлеу» БО, 3 қабат) мекенжайы бойынша жүгіну қажет.