Бородулиха ауданында жазғы лагерь ашылады

Бородулиха ауданында жазғы лагерь ашылады

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының басшысымен кездесті. Орталық тәрбиеленушілері облыс әкімімен тілдесіп, өз өнерлерін көрсетті.
Орталық 2004 жылы құрылған. Мұнда бүгінде 75 оқушы тұрып жатыр.

Орталық директоры Рауан Молжігітов облыс әкіміне жазғы лагерь мен хоккей модулінің жобасымен таныстырды.

- Міне, жазғы лагерьдің жобасы. Екі қабатты бес ғимарат саламыз. Спортпен шұғылданатын, ойын ойнайтын бөлмелер болады, – деді Молжігітов.

Өз кезегінде Нұрлан Ұранхаев орталық басшылығына хоккей модулін салуға дайындықты бастау қажеттігін айтты. Күзге дейін құрылысты бастау жоспарланып отыр.

– Құрал-жабдықтармен жабдықтауға келетін болсақ, біз көмектесеміз. Сіздер еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеулеріңіз керек. Жарайсыңдар балалар, сендерге сәттілік тілеймін. Егер сіздерге қандай да бір қолдау керек болса, айтыңыздар. Талантты адамдарға қолдау көрсету керек, – деді облыс әкімі.

Сапар соңында орталықтың тәрбиеленушілері мен топ жетекшісі облыс әкіміне күйдіріп жасалған ағаш құсты сыйға тартты.