Семей қаласындағы. Ф. М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде «Достоевский әлем тілдерінде» көрмесі ашылды.

Семей қаласындағы. Ф. М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде «Достоевский әлем тілдерінде» көрмесі ашылды.

Бүгінгі таңда Ф.М.Достоевскийдің шығармалары әлемнің 170-тен астам тіліне аударылған. Музей қорларында 40 тілде – ағылшын және швед, грек және араб, қытай және кория, испан және румын, словак және словян тілдерінде және басқа тілдерде кітаптар бар.
Көрмеде әлемге әйгілі жазушының қазақ тіліне аударылған шығармаларымен таныстырылады. Олардың едәуір бөлігі алғаш рет көрмеге қойылады.

«Бұл көрме Достоевскийдің шығармаларын 170 жылдан бері аударып келе жатқан аудармалар мен аудармашылардың тарихымен ғана емес, сонымен қатар тілдердің таңғажайып алуан түрлілігімен, олардың ерекше графикасы мен дыбысымен, сондай - ақ әртүрлі елдердегі басып шығару дәстүрлерімен таныстырады», - деп атап өтті музей маманы Алла Белякина.