
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2022 жылғы 19 желтоқсанда Абай облысындағы барлық пайдаланылмайтын жерді, сонымен қатар, заңды бұзып берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі 2023 жылға арналған жоспар бекітілді. Бұған дейін осы бағытта жұмыс істеу үшін облыстық ведомствоаралық комиссия құрылған болатын. Оның құрамына қалалық және аудандық прокуратура органдарының, салық қызметінің, полицияның қызметкерлері, сонымен бірге, қоғамдық белсенділер кірді.
2023 жылы аудандық және қалалық жер қатынастары бөлімі Абай облысының жер ресурстарын басқару департаментіне 200 субъект бойынша материалдар жолдады, 230 мың гектар аумаққа 80 ескерту беріліп, тексеру жұмыстары басталды.