Аппарат кеңесінде Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшысын таныстырды

Аппарат кеңесінде Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшысын таныстырды

Сонымен қатар, бүгін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев аппарат кеңесінде Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшысын таныстырды.

Әсет Сүлейменов әр жылдары «Өскемен жылу желілері» АҚ инспектор-бақылаушы, «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сәулет-құрылыс бақылау және инспекция бөлімінің бас маманы м.а. қызметтерін атқарды.

2011-2013 жылдары - Риддер қаласы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы. 

2014-2015 жылдары - «Семей қаласы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

2015-2020 жылдары - «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары.

2020-2021 жылдары - Өскемен қаласы «ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болды.