
Үкіметте азық-түлік бағасын тұрақтандыру жөніндегі шаралар қаралды.
Премьер-Министр Ә.Смайылов:
«Біздің міндетіміз – 2023-ші жылдың қорытындысы бойынша инфляцияның деңгейін 10%-тен асырмау.
Бұған қол жеткізуге әбден болады. Тек бұл үшін барлық өңірдің азық-түлік бағасын тұрақтандыру, әсіресе, маусымаралық кезеңде бағаны ұстап тұру бойынша белсенді жұмысы қажет.
Азық-түлік өнімдеріне бағаны тұрақтандыру – Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың аса маңызды негізгі міндеті.