Абай облысыда спорт инфрақүлымы дамуда

Абай облысыда спорт инфрақүлымы дамуда

Бүгін Абай өңірлік коммуникациялар қызметінде Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Ержан Әбілқасымовтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Бүгінгі күні облыста 1241 спорт ғимараты жұмыс істейді. Оның ішінде 865 спорт ғимараты ауылдық жерлерле орналасқан.

2021 жылғы 1 мамырдан бастап республикада «ArtSport» платформасы іске қосылды. Бұл 5 283 баланы қамтуға мүмкіндік береді,- деді басқарма басшысы Ержан Әбілқасымов.

Абай облысындағы аудандарда бұқаралық спортты дамыту мақсатында Қайнар, Ақсуат, Шүлбі ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, Бородулиха ауылында спорт модулі, Көкпекті ауылында жүзу бассейні салынуда. Оның ішінде Қайнар және Ақсуат ауылдарындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, Көкпекті ауылындағы жүзу бассейні «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында бой көтеруде.

2023 жылы "Ауыл - ел бесігі" жобасы аясында Абай ауданы Көкбай ауылында, Үржар ауданы Таскескен ауылында спорт модулін салу, Ақсуат ауылының орталық стадионын қайта жаңарту көзделіп отыр,- деді басқарма басшысы.

Облыстың спорт резервін тәрбиелеуде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері ерекше орын алады. 2022 жылы облыста 12 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және 1 жоғары спорт шеберлігі мектебі жұмыс істеп, онда 13 864 адам спортпен шұғылданған.

 2022 жылы облыс спортшылары 1240 медаль жеңіп алды, оның 190-ы халықаралық, 1050-і республикалық деңгейде. Сондай-ақ облыста 2 халықаралық деңгейдегі спорт шебері, 10 ҚР спорт шебері, 367 спорт шеберлігіне үміткер, 146 1-разрядты спортшы және 2133 бұқаралық разрядты спортшылар дайындалды. Сонымен қатар өткен жылы мүмкіндігі шектеулі жандар арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін спорт клубы құрылды. Онда спорттың 10 түрі бойынша үйірмелер жұмыс істейді. Жылдың соңында спорт ардагерлері кеңесі құрылып, төраға мен мүшелері бекітілді,- деді Ержан Әбілқасымов.

2023 жылы Абай облысында 5 спорт ұйымы ашылды - олимпиадалық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі; қысқы спорт түрлері бойынша БЖСМ, дене шынықтыру диспансері, олимпиадалық резервті даярлау орталығы және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған клуб.

Биылғы жылы облыс бойынша кәсіби «Елімай» футбол клубы, жасөспірімдердің «Елімай» футбол клубы құрылды. «Арена» мәдени-спорт кешенінде су спорты және спорт ойындары түрлерінен клубтар ашылуда. Мұнда 1200 бала спортпен айналысады. Облыс әкімі Нұрлан Тельманұлының тапсырмасымен ұлттық спорт түрлері мен спорт ойындары бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін, дарынды балаларға арналған мектеп-интернат -колледжін, спортты дамыту дирекциясын ашу жоспарланып отыр. Келесі айда облысымызда дзюдо, кикбоксинг, қазақ, грек рим күрестерінен және бокстан ҚР чемпионаты өтеді,- деді Ержан Әбілқасымов.