Семей қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Семей қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Облысымыздың қала және аудандарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен Семей қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Абай облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу орны:

"Северный" сауда-логистикалық орталығы-Аксуат ауданы;

"Jolaman" көтерме-тарату орталығы-Абай ауданы;

"Baza R" әлеуметтік нарығы- Семей қаласы.

Уақыты: 8 ақпан күні, сағат 9:00-14:00 аралығында

Қала тұрғындарын, қонақтарын және кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың қызметкерлерін жәрмеңкеге қатысуға және ауыл шаруашылығы өнімдерін қолжетімді бағамен сатып алуға шақырамыз.