Заңсыз орнатылған жарнама объектілерінің алдын алу және жою бойынша жұмыстары

Заңсыз орнатылған жарнама объектілерінің алдын алу және жою бойынша жұмыстары

Абай облысы әкімінің тапсырмасы бойынша, Семей қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, заңсыз орнатылған жарнама объектілерінің алдын алу және жою бойынша жұмысты бастады.

Кәсіпкерлердің сыртқы (көрнекі) жарнаманы, ғимараттың қасбетіндегі баннерді орналастыру алгоритмі:

1. Жарнамалық ақпараттық баннердің эскизін жасау
2. Дайын эскизді «Абай облысының Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бекітуге жіберу
3. Бекітілген эскизді «Абай облысының Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ  жіберу.


Мониторинг жұмыстары барысында талаптарға сәйкес келмейтін жарнамалық-ақпараттық объектіні (маңдайшаларды) орналастыру фактісі анықталды.

Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрнекі ақпараттың барлық мәтіндері мынадай тәртіппен орналастырылады: сол жағында жоғарыда - мемлекеттік тілде, оң жағында төменнен - орыс тілінде, көлемі жағынан бірдей әріптермен жазылады.