
Ұлттық Банк түпнұсқа банкнотаны қолдан жасалған ақшадан ажыратуға көмектесетін қарапайым қағидалар барын еске салады.
банкноталарда бедер тудыратын арнайы мөр бар.
барлық банкнотада көру қабілеті нашар адамдарға арналған, қолмен ұстағанда жақсы сезілетін дөңес тәрізді жоғары бедерлі элемент түріндегі белгілер бар.
бетіндегі жазулары бар тұтас жіп тәріздес, жарықта анық көрінетін жазулары бар үзік сызық түріндегі тұтас магниттік және сүңгуір жіпке де назар аударған жөн.
банкнотаның түр түсі анық және контрастылы болуға тиіс, су таңбасы мен номиналдың цифрлық бейнесін көру үшін банкнотаны жарыққа бағыттап көру қажет.
Номиналы 1 000, 2 000, 5 000, 10 000 және 20 000 теңгелік банкноталарда түрлі-түсті бояумен салынған бейнелер бар. Банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде бейнелердің түсі жасылдан алтын түске дейін өзгереді.
Купюраны осы әдіспен тексеруге бірнеше минут уақыт кетеді және ол банкнотаның түпнұсқасын анықтауға көмектеседі.