Абай облысындағы жолаушылар тасымалдау бағыттарында қызмет көрсету құқығына жаңа конкурс өткізіледі

Абай облысындағы жолаушылар тасымалдау бағыттарында қызмет көрсету құқығына жаңа конкурс өткізіледі

2023 жылдың 26 қаңтарынан бастап Абай облысындағы жолаушылар тасымалдау бағыттарында қызмет көрсету құқығына жаңа конкурс өткізіледі

Басқарма 2022 жылғы 30 желтоқсандағы ауданаралық маңызы бар Семей – Қараауыл, Семей – Шар, Семей - Әуезов және Семей - Ақсуат бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыру құқығына өткізілген конкурс нәтижесін жарамсыз деп танылғанын хабарлайды.

26 қаңтар 2023 жылдан бастап Абай облысы бойынша Семей – Қарауыл, Семей – Ақсуат, Семей – Шар, Семей – Әуезов, Семей - Шүлбі автомобиль бағыттары мен Семей – Жалаңашкөл теміржол бағытында жолаушылар тасымалы қызметін көрсету құқығына жаңа конкурс өткізіледі.

Мына мекен-жай бойынша ережемен танысуға және құжаттарды тапсырға болады: Семей қ., Достоевский көшесі 110, 318-кабинет.

Барлық сұрақтар бойынша көрсетілген телефон номеріне хабарласуға болады: 8 777 020 44 99.

Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарын иеленетін кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.