Аягіөз ауданында ардагерлер орталығы ашылды

Аягіөз ауданында ардагерлер орталығы ашылды

 Бүгін Аягөз ауданының «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» мәдениет үйінде ардагерлерге арналған орталықтың ашылу салтанаты өтті.

Орталықтың ашылу салтанатына аудан әкімі Сейілбек Ысқақов және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан ақсақалдар қатысты.

Аталған орталық түрлі тренажер, кітап оқу алаңы, шахмат ойынына арналған үстелдермен жабдықталған.

Аягөз ауданындағы 9 мыңға жуық ардагер үшін бұл орталықтың ашылуы үлкен қуаныш. Орталық құрметті еңбек демалысына шыққан барлық еңбек ардагерлерінің басын біріктіретін бірегей ортаға айналмақ. Мұнда ардагерлердің бос уақыттарын тиімді өткізуге мол мүмкіндік жасалған. Салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен де шұғылдана алады.