
2023-2027 жылдары мемелекеттік бағдарламалар аясында Мақаншы ауылында 36 пәтерлі және Үржар ауылында 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй салу жоспарлануда.
Айта кетейік, 2022 жылы Үржар ауданында кезекте тұрған 60 жанұя баспаналы болды.
«Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында Үржар ауылында жалпы ауданы- 3593,81 м2 болатын 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй құрылысы аяқталды.
2020 жылы басталған құрылыс жұмыстары 2022 жылдың соңына қарай сәтті аяқталып, 25 бір бөлмелі, 27 екі бөлмелі және 8 үш бөлмелі пәтер тұрғын үй комиссиясының шешімімен кезекте тұрған жанұяларға берілді.