
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семей қаласындағы аспалы көпірді жөндеу жоспарларын жапондық ITOCHU компаниясының өкілдерімен талқылады. Бүгін жұмыс тобының қала көпірін зерттеуді аяқтау қорытындысын шығару туралы кезекті отырысы өтті.
Асфальт жабыны ауыстырылуы да жоспарда бар. Бұл ретте, болашақта аспалы көпірдің жай-күйін тұрақты негізде бақылау үшін мониторинг жүйесін енгізу қажет, - деп түсіндірді облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков.
Жұмыс жоспары белгіленген: көпірді күрделі жөндеу бойынша бірқатар іс-шаралар қарастырылған. Осыған байланысты жақын арада ЖСҚ әзірлеу және Семейдегі аспалы көпірде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жапон тарапымен консорциум құру мәселесі шешілетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, Семейдің аспалы көпірі 2001 жылы салынған. Көпір өткелінің жалпы ұзындығы - 1086 м.