Бүгін Үкімет отырысында кәсіпкерлік қызметті «таза парақтан» реттеуді іске асыру барысы қаралды

Бүгін Үкімет отырысында кәсіпкерлік қызметті «таза парақтан» реттеуді іске асыру барысы қаралды

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдаудың маңыздылығын атап көрсетті.

Бизнеске әкімшілік жүктемені барынша азайту мақсатында қолданыстағы реттеуші актілердің бәріне ауқымды талдау жүргізілді.

Кәсіпкерлік қызметті реттеудің 44 саласына жан-жақты талдау жасалды.

Нәтижесінде жаңа реттеуші саясаттың шарттарына сәйкес келмейтін 10 мыңнан астам талап анықталды.

Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша Міндетті талаптар тізілімі жасалды.

Тізілім қажет кезде қайтадан қаралып, реттеліп отырады. Яғни, орынсыз, бірін-бірі қайталайтын немесе тиімсіз талаптарды анықтау және алып тастау жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.

Мемлекеттік бақылау жүйесінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін автоматтандыру бойынша кешенді шаралар қабылдануда.
35 салада бұл жұмыс аяқталды.

Ол кәсіпкерлерді негізсіз тексерулерден қорғауға мүмкіндік береді.

«Жалпы, «таза парақтан» реформасы бизнес-ортаны реттеудің тиімділігін арттырып, кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасайды. Сондықтан, осы бағыттағы бірлескен жұмыстарды әрі қарай жалғастыру қажет. Үкімет бизнестің сындарлы ұсыныстарын қолдауға қашанда дайын. Бизнестің тұрақты да табысты қызметіне бірінші кезекте, мемлекеттің өзі мүдделі. Кәсіпкерлер осыны сезінулері керек», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр сұрақтар негізінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, сондай-ақ баға мәселесіне қатысты екенін атап өтті.

«Олардың басым бөлігі министрлердің халықпен кездесулерінде жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен сол жерде шешілді. Ал қалған мәселелер мемлекеттік органдардың Іс-қимыл жоспарларына енгізілді», — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының айтуынша, олардың кейбіріне заңнамалық өзгерістер, қосымша қаржыландыру немесе басқа ведомстволардың шешімдері қажет. Сондықтан Іс-қимыл жоспарларына енгізілген проблемалық мәселелерді уақытылы шешуді қамтамасыз ету керек.