
Бесқарағай ауданында жылқы тұқымдарды будандастыру арқылы «Бесқарағай типін» дамытып отырған «Мукинов» шаруа қожалығының басшысы, Бесқарағай ауданының «Құрметті азаматы» Мукинов Хабидулла Кабдуловичтің «Менің өмірім, менің жетістігім» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
▫️Конференцияға Абай облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Анзор Абаев, Бесқарағай ауданының әкімі Талғат Мұратов, ауыл шаруашылығы саласының профессорлары, шаруа қожалықтарының басшылары қатысты.
Бүгінгі таңда аталған шаруа қожалығының «Бесқарағай типінен» тараған шойынқара және байторы типтес қазақ жылқылары селекциялық жетістікке жетіп, патентке ие болды. Осы еңбектері бағаланып, Хабидулла Кабдулович облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың алғыс хатымен марапатталса, осы жұмысты бірге атқарысып жүрген азаматтар Бесқарағай ауданының әкімі Талғат Батырұлының алғыс хаттарымен және арнайы сыйлықтарымен марапатталды.