Абай облысында құрылыс саласындағы бақылау қалай жүргізіліп жатқаны айтылды

Абай облысында құрылыс саласындағы бақылау қалай жүргізіліп жатқаны айтылды

Абай облысы бойынша Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Абай облыстық Бақылау басқармасының басшысы Азамат Байқазақов атап өткендей, жалпы өткен жылдың 6 айында 531 өтініш қабылданып, қаралған.

Абай облысы бойынша бақылау басқармасы келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) Абай облысының аумағында салынып жатқан нысандарға мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау жүргізу;
2) лицензиялау, аттестаттау және аккредиттеу;
3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылау;
4) қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын, оның ішінде қауіпсіз еңбек шарттарында құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.

– Сәулет-құрылыс бақылау саласында 30 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, оның аясында 30 субъекті әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы сомасы 15,6 млн теңгені құрайтын 78 әкімшілік іс қозғалса, басқарма салған айыппұл сомасы 10,8 млн теңгені құрады, - деді Азамат Байқазақов.