
16-27 қаңтар аралығында Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында өткен Азия чемпионатында Абай облысының боксшылары қола медальға ие болды.
Аталған чемпионатта Азия құрлығынан жалпы саны 20 мемлекеттен 149 боксышы қатысып өз бақтарын сынады. Оның ішінде 54 әйел және 95 ерлер.
Дүбірлі додада Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасының сапында 80 келіге дейінгі салмақта семейлік Жакпеков Ерасыл қола медальға ие болды, ал Бекзат Ерзат 92 келі салмақ дәрежесінде қола медальға ие болды.
Құтықтаймыз