Ұлы Абайды іздеуші

Ұлы Абайды іздеуші

Облыстық тарихи - өлкетану музейінде, белгілі абайтанушы, халық әуыз әдебиетін зерттеуші, Абай мұрасын насихаттаушы Сейітқали Қарамендиннің туғанына 110 жыл толуына орай «Ұлы Абайды іздеуші» дәрісі өтті.

Сейітқали Ыдырысұлы Қарамендин 1913 жылы 10 қаңтарда сол кездегі Семей облысы, Әйтей ауылында дүниеге келген. 1928 жылы Семей мал дәрігерлік техникумында оқып жүрген кезінен-ақ халық ауыз әдебиеті мұраларын, Абай шығармаларын, ұлы ойшыл туралы аңыздар мен әңгімелерді жинай бастаған.

Бұдан бөлек Сейітқали Қарамендин хәкімнің шәкірті Көкбай Жанатайұлы жайлы ел аузында жүрген шығармаларды, ол жайлы деректерді алғаш жүйелеп топтастырушы болып саналады.

Қарамендин жинаған шешендік сөздер мен халық ақындарының өлендері, билер айтыстары тағы басқа ауыз әдебиеті үлгілері бүгінде, Әдебиет және өнер институтының Қолжазба және текстология бөлімінде сақтаулы.