
Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы бүгін Мәңгілік Ел көшесі, 6 мекенжайындағы «Көпес Сахноның қонақ бөлмелері, («Бинар» қонақ үйі) 1903 жыл» тарихи-мәдени мұра объектісіне жүргізілетін ғылыми-реставрациялау жұмыстарының жобасын талқылау бойынша кеңес өткізді. Ғимарат иесі «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарының» жұмыс жобасы мен эскиздерін ұсынды.
Аталған кеңесте ғимараттың тарихи-мәдени келбетін сақтай отырып, нысанды одан әрі қалпына келтіру мәселесі қаралды. Кеңес қорытындысы бойынша осы мәселені Абай облысының тарихи-мәдени мұрасын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қарау туралы шешім қабылданды.