Абай облысында жаңа ХҚКО ашу жоспарлануда

Абай облысында жаңа ХҚКО ашу жоспарлануда

Соңғы үш жылда онлайн көрсетілетін қызметтер саны 5 есеге артты

Абай облыстық филиалының құрылып, қызмет көрсетіп тұрғанына 6 ай уақыт болды. Осы аралықта біз жаңадан келген қызметкерлерді оқытуды, басшы құрамның біліктілігін арттыруды және басқа да қызметтерді жүзеге асырдық,- деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Абай облысы бойынша филиалының директоры Асхат Чакенов.

Бүгінде облысымызда 12 ХҚКО бар (Семей 1, Семей 2, мамандандырылған ХҚКО және әрбір ауданда 9 ХҚКО). 2022 жылдың 15 шілдесінен 10 желтоқсанына дейін оларда 182 494 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Оның ішінде электронды форматта 342 қызмет, өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы 162 785 қызмет көрсетіліп, 198 491 кеңес берілді.

Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ филиалында 2023 жылдың ақпан айының басында Семей қаласындағы Папанин көшесі 34А мекенжайы бойынша Newcon ашылады деп жоспарлануда. Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

New CON-ның ашылуы халықтың шоғырлануын азайтуға және мемлекеттік қызметтерді алу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. New CON-да дәстүрлі мемлекеттік қызметтерден басқа, келушілер оператордың көмегінсіз қажетті кез-келген құжатты өз бетінше ала алатын «жүктеме аймағы» қосымша енгізілетін болады.

Сондай-ақ осы аймақта қызметкерлер клиенттерге цифрлық сауаттылықты үйретеді. Қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында New CON-да жаңа технологиялар пайдаланылатын болады. Мұнда дайын құжаттарды беру жөніндегі постамат 24/7 режімінде орнатылады - деді Асхат Чакенов.

Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы шетел азаматтары үшін ХҚКО кезегін онлайн-брондау мүмкіндігін жүзеге асырды.

Мемлекеттік корпорация Telegram бот EgovKzBot2.0 арқылы ХҚКО-ға баруды онлайн-брондау сервисін іске қосты.
Кезекті брондау үшін пайдаланушы мәзірден «шетелдіктер үшін ХҚКО кезегін брондауды», осыдан соң төлқұжат нөмірін, қаланы, ХҚКО, сондай-ақ келу күні мен уақытын таңдау керек. ХҚКО-ға көрсетілген уақыттан 15 минут бұрын келіп, ресепшнға төлқұжатын көрсетіп, кезек талонын алуы қажет. Шетелдік азаматтарға ЖСН алу үшін ХҚКО-ға екінші рет оралудың қажеті жоқ. Дайын құжат өтініште көрсетілген қазақстандық телефон нөміріне жіберіледі.

ХҚКО қызметкерлері жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін шетелдіктерді қабылдайды.