
Бесқарағай ауданының әкімі Мұратов Талғат Батырұлы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында тарих пен мәдениет ескерткіштерін қайта жаңғырту жолында бүгін көненің көзі саналатын "Ақ көл" мешітіне барды.
Аудан әкімі Бесқарағай ауданының көрікті орындарының бірі саналатын бұл тарихи жәдігерге электр желісін тарту мәселесін шешуді тапсырған болатын.
Осы орайда бүгін аталған нысанға барып, арқарылған жұмысты тексеріп, электр желісін іске қосты.
Өткен тарихымыз бен шежіреміздің көзі болып саналатын тарихи жәдігерлеріміз сақтау, біздің басты міндетіміз, -деді Бесқарағай ауданының әкімі Мұратов Талғат Батырұлы.