
2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, драматург, Қазақ прозасында ерекше қолтаңбасы бар қаламгер қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын оқуға ұсынылды.
▫️Осы орайда Абай атындағы кітапханада жазушы, драматург, қоғам қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Төлен Әбдіктің шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
▫️Төлен Әбдіктің шығармаларының ерекшелігіне, кейіпкерлерінің образдарына, философиялық құндылығымен шығармаларының жазылу тіліне тоқталды. Жазушының «Әке», «Ақиқат», «Көкжиек» повестері мен «Оң қол», «Қонақтар», Өліара", "Ақшоқыда қыс қатты", "Парасат майданы" шығармалары қазақ әдебиетінде жоғары бағаланғаны аталып өтілді.
Сондай-ақ «Семей таңы» газетінің Youtube каналына сұхбат берілді.