
Құжат Семей қаласы мен Абай облысында цифрландыруды дамыту, it-кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру, бірлескен жобаларды іске асыру және іс-шараларды ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастықты көздейді.
Келісім сонымен қатар Абай облысында IT-кадрларды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға бағытталған бағдарламаларды, курстарды, мастер-кластарды бірлесіп әзірлеуді қамтиды, деп хабарлайды Абай облысының білім басқармасы өз парақшаларында.