
Қайта құрылған Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Сандыбаев атқарырған жұмыс нәтижелермен Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында бөлісті.
Абай облысы құрылғаннан бері перинаталдық кезеңді қоса алғанда, әртүрлі патологиялары бар 1300-ден астам баланы қабылдадық. 2022 жылы облыстың штаттан тыс мамандары институты тарапынан 10 ауданға 18 іс-сапар жүргізген. Өңірімізде санитарлық авиация жұмыс істейді. Балаларға арналған МРТ зерттеулерінің іске қосылуы - үлкен жетістік, - деп атап өтті Марат Сандыбаев.
Басқарманың ағымдағы жылға арналған жоспарлары:
• Ауылдық елді мекендерді стандартқа сәйкес медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарымен қамтамасыз ету. 2023-2024 жж 65 нысан салып, пайдалануға беру жоспарлануда
• Жетекші медициналық клиникаларда басым бағыттар бойынша акушерлік және балалар дәрігерлерін оқыту
• «Ақсуат ауданының орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК, «Үржар ауданының көп салалы орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК перинаталдық көмектің II деңгейіне көшіру
• Облыстық перинаталдық орталықта перинаталдық инвазиялық диагностиканың заманауи әдістерін енгізу
• Аягөз ауданының ауданаралық ауруханасында қабылдау бөлімінің құрылысы
• «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша Абай ауданындағы Қарауыл, Үржар ауданындағы Қабанбай, Аягөз ауданындағы Шынқожа және Ақшатау ауылдарындағы емханаларды күрделі жөндеуден өткізу.
• Тапшы мамандықтар бойынша резидентураға білім беру гранттарын бөлу
• Балалар ауруханасын ашу
• «Салауатты ұлт» жобасы шеңберінде медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыру жоспарлануда