
2022 жылы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға 85 шаршы метрлі 10 пәтер, 65 шаршы метрлі 6 пәтер - жиыны 16 пәтер салынған. Пәтерлер атап айтқанда, әлеуметтік жағынан аз қамтылған осал топқа жататын 8 отбасыға, 3 асыраушысынан айырылған жетім балаға, 2 тұрғын үйі апатты деп танылған отбасыға, 3 бюджеттік сала қызметкеріне берілген.
2023 жылғы 18 қаңтардағы жағдай бойынша, ауданда 266 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Олардың 83 көпбалалы аналар, 117 халықтың әлеуметтік аз қамтылған осал тобынан, 6 тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар, 19 жетім балалар, 41 мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлер.
2023 жылы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналып 85 шаршы метрлі 26 пәтер салынуда. Соңғы 3 жылда аудан бойынша жиыны 60 пәтер салынып, тиісінше 60 отбасы тұрғын үймен қамтылды.