
Жоба қатысушыларының контингенті 50 жастан-зейнеткерлік жасқа дейінгі жұмыссыз азаматтар болып кеңейтіліп, қатысу мерзімі болса 12 айдан 36 айға ұзартылды. Сондай-ақ қатысушылардың жалақысы бойынша субсидиялар мөлшері де ұлғайды.
Субсидиялар мөлшері: жұмыстың бірінші жылында жалақы мөлшерінің 70%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың екінші жылында жалақы мөлшерінің 65%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың үшінші жылында жалақы мөлшерінің 60%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын) құрайды (бұрын субсидиялар мөлшері жалақының 50%-ын құраған).
Ағымдағы жылы Абай облысы бойынша «Күміс жас» жобасын жүзеге асыру шеңберінде 729 адамды қамту жоспарлануда.
Жобаға қатысу үшін жұмыссыздар тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарына немесе Enbek.kz - электрондық еңбек биржасы порталы арқылы өтініш беруі қажет.