
Жыл басында ауа райының күрт жылынып, соңы қарлы боранға ұласуы қар тазалау жұмыстарына кедергі келтірді. Бірақ тиісті жұмыстар уақытында ұйымдастырылып, жолдар қардан тазартылды.
«Қазіргі кезде облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда 65 техника жұмыс жасауда, оның 25 қара тазалауға жұмылдырылды», - дейді аудан әкімінің орынбасары Ерлан Сеилханов.
358 шақырым жол аудандық, 358 шақырым облыстық және 96 шақырым жол республикалық маңызы бар жолдар. 3 қаңтардан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты біраз жабық болды. Осы жылы Бородулиха ауданында 60 см қар жауып, алты жылда болмаған рекорттық көрсеткіш тіркелді.
65 техника республикалық маңызы бар жолдарға бөлінсе, облыстық және аудандық жолдарды қардан тазарту үшін аудан аумағында 25 техника жұмыс жасауда.
Коммуналдық шаруашылық қарамағындағы 5 техника аудан орталығының кешелерін қардан тазалап, жолдарды ашты. Сонымен қатар шаруа қожалықтарындағы арнайы техникалар да қар тазалау жұмыстарына көмек көрсетті. Себебі ауданға қарасты ауылдық округтерде орналасқан шаруа қожалықтарымен қыс мезгілінде жолдарды қардан тазарту үшін екі жақты меморандумдар жасаған болатын.
Петропавловка ауылында «Труд» шаруа қожалығының 3 техникасы, Дмитриев ауылдық округінде ЖК «Хатешеваның» К-700 техникасы негізгі көшелерді және әлеуметтік маңызы бар нысандарға баратын жолдарды қардан тазартты.
Андрев ауылдық округінде «Новая Заря» ЖШС 2 техникасы, Жернов ауылдық округінде «Роща» шаруа қожалығының және «Жерновское» ЖШС екіден техникалары қолдау керсетті», - дейді тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ММ басшысы Эльдар Конорбаев.
Аудан аумағында тұрып жатқан зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі отбасылар, жалғыз тұратын қарт адамдар да назардан тыс қалмай аулалары қардан тазартылды. Бұл жымыстарға Жастар ресурстық орталығының мамандары, волонтерлер, әкімшілік қызметкерлері, оқушылар, мектеп ұстаздары көмектескен.