Абай облысында Сенат депутаты сайлауы өтті

Абай облысында Сенат депутаты сайлауы өтті

Абай облысының мәслихат хатшысы Қуаныш Сүлейменов сайлауды өткізуге заңдық негіз бар екендігін айтып өтті.
«Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Парламент Сенатына депутат сайлауы өтіп жатыр. Сайлауда дауыс беру үшін облыстағы барлық деңгейдегі депутаттардың 108 қатыстып отыр», деді мәслихат хатшысы.

Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Наталия Фесенконың айтуынша ҚР Конститутциясына және «Сайлау туралы» ҚР конституциялық заңының талаптарына сәйкес келген үш үміткер – Әпенов Кималидин Сағалбайұлы, Маслова Анжела Владимировна, Тастекеев Қайрат Құлбайұлы ресми тіркеліп сайлауға қатысты. Сайлаушылар жеке куәліктерін көрсетіп, өз дауыстарын құпия түрде береді.

Сайланған үміткер сайлаушылардың 50 пайыз дауысын алса өтті деп есептеледі.
Бүгінгі сайлауға дауыс беру мүмкіндігі бар Абай облысындағы 123 депутаттың 108 қатысып, өз таңдауларын жасады.

Дауыс берудің алдын ала қорытындысы бойынша Апенов Кималдин 10 дауыс, Маслова Анжела 7 дауыс, Тастекеев Қайрат 89 дауыс жинаса, барлығына қарсы 2 дауыс берілді.