Абай облысының дәрігерлері ұшақпен жедел көмек көрсете алады

Абай облысының дәрігерлері ұшақпен жедел көмек көрсете алады

Абай облысы жедел медициналық жәрдем станциясының медициналық авиация бөлімшесінде үлкен оқиға. Павлодар, Өскемен, Аягөз, Үржар ауылдарынан медициналық авиация желісі бойынша ұшулар жасай алатын L 410 ұшағы бір мезгілде бірнеше науқасты жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін Абай облысының медициналық орталықтарына тасымалдай алады.

Бүгін Абай облысының бас мамандары осы әуе кемесімен Үржар ауылына алғашқы ұшуды орындады. Акушер-гинеколог А.К. Дайрбеков және реаниматолог Д. С. Токенов медициналық авиация туралы өз пікірлерін білдірді.

Абай облысының медициналық авиация қызметінің L 410 ұшағымен жабдықталуы облыстың денсаулық сақтау саласын дамытудың жаңа кезеңін ашады, деп атап өтті сала мамандары 103 станция парақшасында.