Абай облысына әлеуметтік қолдау

Абай облысына әлеуметтік  қолдау

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры 2016 жылдан бері «Самұрық-Қазына» АҚ барлық компания лар тобының атынан бірыңғай қайырымдылық қызметімен айналысады және денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, бұқаралық спорт, халықтың әлеуметтік топтарын қолдау салаларында жобаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді.

Басты мақсаты – Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік-экономикалық өмірін жақсартуға көмектесу.

2022 жылғы компаниялар тобының қайырымдылық қызметіне арналған қорытынды кеште Абай облысына Қор тарапынан 5 реанимобиль және 3 инватакси көлігінің сертификаты табысталды.

Салтанатты шараға Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков қатысты.

Сонымен қатар, басқосуда ел дамуында маңызды әлеуметтік жобалар туралы есеп беріліп, қатысушылардың емін-еркін пікір алмасуына мүмкіндік қарастырылды.