Абай облысы Бесқарағай ауданында қазақ жылқы тұқымының Бесқарағай зауыттық типі патент алды

Абай облысы Бесқарағай ауданында қазақ жылқы тұқымының Бесқарағай зауыттық типі патент алды

Жері құнарлы, алқабы астықты, орманды өлке Бесқарағай ауданында соңғы оншақты жылда қазақы жабы мен спорттық жылқы тұқымдарды будандастыру арқылы «Бесқарағай типін» дамытып отырған «Мукинов» шаруа қожалығы жұмыс жасайды.

Бүгінгі таңда аталған шаруа қожалығының «Бесқарағай типінен» тараған шойынқара және байторы типтес қазақ жылқылары селекциялық жетістікке жетіп, патентке ие болды.

Бұл жылқының ерекшелігі ол қазақы жабыдан биік, аяқтары сом, тұрқы ұзын, күші мығым, ауа-райының қолайсыздықтарына биім.

Шаруа қожалығының басшысы, Бесқарағай ауданының «Құрметті азаматы» Хабидулла Мукинов алдағы уақытта еліміздің бүкіл аумағына қолданысқа шығаруды жоспарлауда.