Абай облысында "СӨЙЛЕ" тілдесу үйірмесі ашылды

Абай облысында "СӨЙЛЕ" тілдесу үйірмесі ашылды

Абай облысында қазақ тілін үйренгісі келетіндер үшін «Менің елім – Менің тілім» республикалық жобасы аясында «СӨЙЛЕ» тілдесу үйірмесі ашылды.

Қазақ тілін оқуға құлшынысы бар Абай облысының кез-келген азаматы «Сөйле» тілдесу үйірмесіне қатыса алады. Үйірме аптаның демалыс күндері және тегін түрде жұмыс жасайды.

Тілдесу үйірмесі барысында домбыра үйірмелері және әдеби-рухани кештер, түрлі челлендждер жүзеге асатын болады.

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!

Бірге қазақша СӨЙЛЕйік

Өңірде ұйымдастыралатын үйірменің мекен-жайы: Абай атындағы орталық кітапхана, коворкинг орталығы, Семей қ., Абай к. 86.

Толық ақпарат алу үшін +7 707 295 77 39 телефон нөмеріне хабарласа аласыз.