Қымбатты жерлестер!

Қымбатты жерлестер!

Келген Жаңа жыл құтты болсын! Үйлеріңізге құт-береĸе алып ĸелсін! Біз Жаңа 2023 жылға бірге Абай облысы болып бірінші рет қадам басып отырмыз.

Тарих қойнауына енген 2022-ші жыл еліміз үшін, болашақ дамуымызды айқындаған тағдыршешті жыл болды.

Облыс болу біздің маңдайымызға бұйырған мерейлі мәртебе, еншімізге тиген ерен бақ.
Биылғы мерейтойлық жыл елІміз үшін бірқатар маңызды шараларға толы болды.

Біз тариха тереңде жатқан тамырлы халық екенімізді көрсете білдік. Ұлы Абайды әлемге танытқан кемеңгер тұлға - Мұхтар Әуезовтың мерейтойын лайықты атап өттік.

Дана халқымызда "Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп" - деген аталы сөз бар. Алдымызда облысымызды қайта түлетіп, өзінің лайықты орнын қайтару міндеті тұр. Ол үшін арнайы Кешенді жоспар құрылып, іске асатын болады. Бір сөзбен айтқанда, бағдарымыз - белгілі, таңдауымыз - айқын, мақсатымыз - биік.

Облысымыздың дәулеті мен сәулеті артып, халқымыздың әл-ауқаты нығая берсін!

Ізгі ниетпен, Нұрлан Ұранхаев