Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың төрағалығымен ТЖ жөніндегі комиссияның жоспардан тыс отырысы өтті

Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың төрағалығымен ТЖ жөніндегі комиссияның жоспардан тыс отырысы өтті

Отырыста уәкілетті органдар Жаңа жылды мерекелеуге қатысты тапсырмалар мен нұсқаулар алды. 28 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында барлық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылады.

Сондай-ақ, Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, полиция департаментіне, ТЖ департаментіне, денсаулық сақтау басқармасына және басқа да мекемелерге қажетті тапсырмалар жүктелді.

Мереке күндері уәкілетті органдардың міндеттеріне қоғамдық тәртіпті бақылау ғана емес, қауіпсіздік жөніндегі рейдтік іс-шаралар (отшашу) және жедел медициналық көмекке шұғыл шақыруларды пысықтау кіреді.