
Шырша орталық алаң аумағында орнатылды. Оның биіктігі – 19 метр.
Аталған рәсімді тамашалауға қала тұрғындары мен қонақтары келді. Мерекелік шараға Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Каримов және Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысты. Биыл Семей тұрғындары алғаш рет жаңа жылды облыс орталығы мәртебесінде қарсы алады.
Жаңажылдық іс-шара көңілді концерттік бағдарламаға ұласты.