Әлібек Қуантыров Абай облысының тұрғындарымен кездесті

Әлібек Қуантыров Абай облысының тұрғындарымен кездесті

Өңірге жұмыс сапары барысында Ұлттық экономика министрі, Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Приречное ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Азаматтар әлеуметтік нысандарды, оның ішінде демалыс орындарын, балалар алаңдарын, жолдарды және т.б. нысандарды салуға байланысты мәселелерді көтерді.

Приречное тұрғындары кадр тапшылығы туралы айтты. Олардың сөзінше, ауылға келген жастарды ынталандыру керек.

Министр атап өткендей, бұл мәселе «Дипломмен ауылға» жобасы аясында шешілуде.

«Биыл облыста 160-қа жуық жас маман мемлекеттен қолдау алды. Тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген несие беруге 700 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді», - деді Қуантыров.

Жергілікті тұрғындар мәдениеттің дамуына да назар аударуды сұрады. «Ауыл ел-бесігі» бағдарламасы аясында бұрын көркемөнерпаздар байқауы мен түрлі сайыстар өткізілген ауылдық клубына күрделі жөндеу жұмысы керектігін жеткізді.