
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі басшылығының тапсырмасын орындау ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент) "Бақылау басқармасы (МСҚБ, еңбек инспекциясы)"ММ, Жергілікті атқарушы орган өкілінің қатысуымен, Семей қаласының мұнара крандарының иелерімен дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің мақсаты қауіпті техникалық құрылғылардың иелеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын түсіндіру болды. Департамент қызметкерлері өз сөзінде қайғылы салдарға әкеп соғуы мүмкін, жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу оқиғалары мен мысалдарының статистикасын келтірді. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушыларға Департамент қызметкерлері әзірлеген жүк көтергіш механизмдермен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша жадынамалар таратылды.