Абай облысының спортшылары жеңіспен оралды

Абай облысының спортшылары жеңіспен оралды

Қостанай қаласында бокстан әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында 50 келі салмақта Абай облысының спортшысы - Алина Аманбаева 3-орынға ие болды.

Волейболдан 2006-2007, 2008-2009 2010-2011 ж.т. қыздар арасында Республикалық қысқы чемпионатының іріктеу кезеңі аяқталып, 2010-2012 жылы туылғандар арасында 1-орын Семей қаласының командасына бұйырды. 2008-2009 жылғы жас санатында 1-орынды Семей қаласының волейболшылары жеңіп алды. 2006-2007 жылы туған қыздар арасында 1 орынды Семей қаласы, 2 орынды Үржар ауданы, 3 орынды Аягөз қаласы жеңіп алды.

Бұл күндері Тайландта кикбоксингтен Азия чемпионатында да Абай облысының спортшылары бақтарын сынады.
Алтынды бізге Трусбеков Саят 81/К-1, Ермеков Серікбол - 60/Фулл-контакт әкелді.
Бұршахбаев Жәнібек – 51/лоу-кик, Михаил Иванченко – 54/лоу-кик, Рахатова Айгерім – 56/фулл-контакт қола медальдармен марапатталды.

Ақтөбеде бокстан 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Абай облысының боксшылары жүлделі орындарға ие болды. 48 келі салмақта Аманғалиев Ерасыл 3-орынға ие болды. 51 келі салмақта Сексенбаев Асан қола медаль алды. Ал Думанов Нұрасыл 86 келі салмақта 3-орынға ие болды.