Жыл басынан бері Абай облысында мыңнан астам қызметтер сәбилердің көз ауруларын емдеу бойынша МӘМС шеңберінде көрсетілген

Жыл басынан бері Абай облысында мыңнан астам қызметтер сәбилердің көз ауруларын емдеу бойынша МӘМС шеңберінде көрсетілген

Офтальмологтар балалардағы көз ақауларын емдеуді ертерек бастамаса, ол асқынып кеткенде көз жанарын қалпына келтіру мүмкін емес екендігін ескертеді.

Осы жылдың 10 айында 200-ден астам Абай облысының кішкентай тұрғындарына 5 мыңнан аса көз ақауларын аппараттық емдеу қызметтері көрсетілген.

Атап өтейік, аймақта медициналық қызметтің бұл түрлері Өскемен қаласындағы облыстық ана мен бала орталығы және Семей қаласындағы Astana Vision клиникасында қолжетімді.

Көз қитарлығы- бұл балаларда жиі кездесетін көз ақауы.
Оның негізгі қаупі - көру қабілетінің біртіндеп төмендеуі, уақыт өткізіп алса, оны ересек жаста емдеу мүмкін емес.

Офтальмологтың айтуынша, аурудың себептерінің бірі –аметропия, көздің жарық сәулесінің сынуын қабылдау қабілетінің өзгеруі.
Осындай патологиясы бар балалар өздері тіркелген емханадан берілген жолдамамен МӘМС шеңберінде тегін аппараттық ем ала алады.