
Ол апатты деп танылған үйде тұратынын айтып, жаңа пәтер алуға көмек сұраған болатын.
- Кожкомбинат 13/4 үйі апатты деп танылғанымен мәселе әлі шешілген жоқ. Бірақ балалар күте алмайды, - деп бөлісті ол.
Нұрлан Ұранхаев жаңа баспана алу тек белгіленген кезек арқылы мүмкін болатынын атап өтті. Ол орынбасарына мәселені шешу жолдарын түсіндіруді тапсырды.
- Апатты үйдің тұрғындары кезекте тұр, бірақ кезек әлі келген жоқ. Өкінішке орай, басқа жол жоқ. Қалай болғанда да, менің орынбасарым Димитрий Гариков сізбен кездесіп, мәселені шешудің барлық мүмкін нұсқаларын талқылайды, - деп жауап берді Абай облысының әкімі.