
Байқаудың нәтижесінде жүлделі ІІІ орынды Абай ауданындағы Жәнібек Кәрменов атындағы саз мектебінің тәрбиеленушісі Әсем Оразалина
ІІ орынды Семей қаласындағы №1 балалар музыкалық мектебінің оқушысы Нұрай Нұржанқызы
І орынды Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінің студенті Лилия Акпарова иеленді.
Айта кетейік, қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби скрипкашы Әйткеш Толғанбайұлы - Абай өңірінің тумасы. Ән мен күйдің құты сiңген байтақ далада, саз өнерінің мектебін қалыптастырған Абай елінде дүниеге келген сазгер ұлтының біртуар тұлғаларының көзін көрген. Не бары 18 жасында Ұлы Отан соғысына аттанып, талай жылын концлагерьде сарп етті. «Қазақ Паганинi» 200-ден астам классикалық, халықтық ән-күйді нотаға түсіріп, репертуарын молайтып, қазақ игілігіне ұсынды.